БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІН ҚАБЫЛДАДЫ

Опубликовано admin -

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам істері және уағыз-насихат жөніндегі министрлігінің Қазақстандағы ресми өкілі Талал бен Мәлики мырзамен өз өтініші бойынша кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Сауд Арабиясы Корольдігіне жасаған сапары нәтижелі болғанын, оның ішінде қажылық саласы бойынша ортақ келіссөздерге қол жеткізгенін атап өтті. Басқосу барысында Бас мүфти қасиетті Рамазан айында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айта келе, берекелі айда мұсылман үмбетінің рухани бірлігін арттырудың маңызына тоқталды.

Өз кезегінде ресми өкіл Талал бен Мәлики ҚМДБ Төрағасына ілтипатын білдіріп, уақыт бөліп арнайы қабылдағаны үшін алғысын жеткізді.

 

QYZMET SAYAHAT

Все материалы и цены, размещённые на сайте, носят справочный характер и не являются публичной офертой.

Поможем выбрать Умру под ваши планы

Расскажем о программах, датах вылета и ответим на вопросы

Написать в WhatsApp
Расписание на сегодня

Время намаза (Астана)

—Загрузка датыСегодня, исламская дата
Следующий намаз — осталось --:--:--
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша

Загружаем расписание ДУМК…ДУМК / ҚМДБ